Нұр-Сұлтанда «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесі ашылды

23.11.2021 16:06

Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай басталған «Қазақстан жолы» жобасының аясында өткізіліп отыр

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында музейінде  «Елбасы елімен бірге» альбомының тұсаукесері мен Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің ашылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Қос іс-шара да Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастаған «Қазақстан жолы» жобасының аясында өткізіліп отыр.

16 томнан құрылған «Елбасы елмен бірге» альбомы Елбасының Қазақстан өңірлеріне сапарларын тарихи ретроспектива түрінде ұсынады. Тұңғыш Президентіміздің ел бойынша жұмыс сапарларының хроникасын қалың жұртшылық алғаш тамашаламақ. Елбасының әр жұмыс сапары Қазақстан облыстарының, қалалары мен ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кезекті кезеңдерін белгілеп, жаңа кәсіпорындар мен оқу орындарын, әлеуметтік нысандарды ашты.

Айта кетейік, «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің негізгі мақсаты – Алматы қаласы архивтері мен музейлерінің, Елбасы кітапханасының қорларынан жинақталған құжат, сурет, жәдігерлер арқылы егемен ел тағдырындағы Алматы қаласының орны мен рөлін көрсету.