Ислам Жеменей: Тәуелсіздіктің тұғырлы туы мәңгілік желбіресін

16.12.2021 18:28

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл

Almaty.tv

Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тәуелсіздік – қастерлі ұғым екенін бәріміз білеміз. Біз секілді шет мемлекетте өскен ағайындар оның қастерлі ұғым екенін жан-тәнімен сезінеді. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Әрбір азамат тәуелсіздікке еңбек етсін. Адам баласы «Тәуелсіздік маған не береді?» деп емес, «Мен тәуелсіздікке не беремін» деп ойлауы керек. Өйткені Тәуелсіздік – біздің келешегіміз, жарқын дүниеміз! Біз ел болмасақ, тәуелсіз азамат болып, өмір сүре алмас едік. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі құтты болсын! Мерекеміз баршаңызға құт-береке алып келсін. Тәуелсіздіктің тұғырлы туы мәңгілік желбіресін – деді Ислам Жеменей.