Р. Рымбаева: Нұр-Сұлтан – тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды

Бүгін – елорда күні

Р. Рымбаева: Нұр-Сұлтан – тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды

Астана күні қарсаңында Алматының белгілі мәдениет қайраткерлері Нұр-Сұлтан қаласына өз құттықтауларын жеткізіп, Қазақстанның елордасына деген ойларын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Қазақстан астанасының бірегейлігі мен сұлулығын ерекше атап өтті.

«Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Жыл сайын біз еліміздің жетістігін атап өтеміз. Бүгінде Нұр-Сұлтан әсем үйлері мен саябақтары бар әдемі қала. Бұл заманауи, бірегей, дамыған мегаполистің үлгісі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы бізге жаңа өмір сыйлады. Жаңа қала, жаңа құрылыстар, даңғылдар, Қазақстанның өткенін артта қалдырды. Нұр-Сұлтан тәуелсіз жаңа  Қазақстанның символына айналды», – деді әнші.

Р. Рымбаева Қазақстанның әрбір қаласына Нұр-Сұлтандай дамуын тіледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир