Қазақстанның жетістігінің бірі – ортақ шаңырақ астында өмір сүретін халықтың татулығы мен келісімі. Бұл туралы Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біз маңызды күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тұрмыз. Жақында қалада тағы бір айтулы оқиға болды. Алматыда қалалық Достық үйі ашылды, бұл Қазақстанның жетістіктігінің бірі ортақ шаңырақ астында өмір сүретін халықтың татулығы мен келісімі болып табылатынын тағы да дәлелдейді. Бүгін салтанатты жиында ұйымдастырушылар мен әртістерге сыйға тартылған концерт, жақсы көңіл-күй үшін алғыс айтқым келеді. Бағдарлама өте жақсы қойылған, сахналық безендіру өте тартымды», – деді Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев.