Ел дамуына үлес қосқан азаматтаға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі мен аудан әкімінің грамоталары табысталды
Егемендіктің отыз жылдығына орай Алатау ауданының тұрғындары да марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Түрлі саланың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген мамандарға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі мен аудан әкімінің грамоталары табысталды. Зиялы қауым өкілдері қатысқан салтанатты шарада Алатау дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетті.
«Осы отыз жылдыққа орай біздің еңбегімізді бағалап, Президентіміз медаль беріп жатыр. Сондықтан да көп рахмет айамын. Бұл мен үшін жоғары марапаттардың бірі», – деді № 20 қалалық емхананың бас дәрігері Сәуле Ахатқызы.