Алматыда желтоқсаншылар арасында спорттық жарыс өтті

22.11.2021 19:40

Қатысушылар волейбол және асық ату сынды спорт түрінен өзара сайысты

Almaty.tv

Алматыда желтоқсаншылар арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған тартысты додаға қаланың 8 ауданы қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтады. Қатысушылар волейбол және асық ату сынды спорт түрінен өзара сайысты.

«Бүгінгі волейбол жарысында 8 ауданның төртеуі қатысса, кеше 5 аудан келді. Ал оның алдында 5 аудан өзара сайысып, осындай үлкен шараларды өткізіп жатырмыз. Енді ай сайын желтоқсаншылар арасында спорттық жарыс өткіземіз деген ойдамыз», – деді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы.

Ауданаралық жарыстың басты мақсаты – желтоқсаншылардың басын қосып, ұйымшылдықты үлгі ету. Сондай-ақ жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, оның орнына спортпен шұғылдануға шақыру. Сайысқа қатысушылардың сөзінше, аталмыш жарыс әділ өтіп, патриоттық рухты дәріптеуге өз септігін тигізді. 

«Бұл – кейінгі жастарға патриоттық сезім беретін шара. Осындай шаралар арқылы олард патриоттық тұрғыдан тәрбиелей білуіміз, тарихты ұмыттырмауымыз қажет. Ойын барысы өте қызықты әрі тартысты өтіп жатыр», – деді «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жандос Ырысбаев.