ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды
Осыдан тура 30 жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қағидаттары мен мақсаттары бекітілген декларацияға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-парақшасында осылай деп жариялады.
«30 жыл ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады» – деп жазды Президент.
21.12.1991ж.Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды.30жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды.Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 21, 2021