Серік Ибрагимов қазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

16.12.2021 19:44

Әнші Серік Ибрагимов қазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Баршаңызды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қазақстанның Тәуелсіздік бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Аллаға шүкір, еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық. Осы бейбітшіліктің масайраған таңы ата берсің!» – деді Серік Ибрагимов.