Дертті жанға дем бер: Алматыда ерекше акция басталды

22.11.2021 19:58

Игі бастама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған

Almaty.tv

Алматыда «Дертті жанға дем бер!» атты қайырымдылық шара бастау алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Игі бастама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Акцияға қалалық мәслихатқа «Ауыл» партиясынан сайланған депутаттар мен партия қызметкерлері қатысты. Қан тапсыру қайырымды істердің ең оңай жолы екенін насихаттау – шараның негізгі мақсаты. Фракция мүшелерінің сөзінше қан әсіресе, онкологиялық дертке шалдыққан балаларға өте қажет. Науқан бір аптаға созылмақ.  

«Дертті жанға дем бер» деген атаумен қан тапсыру акциясын өткізіп жатырмыз. Ол бүгін Алматыда басталды. Ары қарай бүкіл Қазақстанда жалғасады», – деді қалалық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясы қалалық филиалының төрағасы Махамбет Хасенов.