Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, яғни 15 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бүгін сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді. Президенттің баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында осы іс-шарадан твит-трансляция жүргізеді. Салтанатты жиын сағат 21:30-де республикалық телеарналардан көрсетіледі», – деді Берік Уәли.