Қамшыбек Қоңқабаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2021 20:17
Фото: ашық дереккөзден

Боксшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тәуелсіздіктің құрдасымын, Аллаға шүкір. 30 жылда қандай күшті ел болдық. Құдай қаласа, болашақта бұдан да көркейіп, дамитынымызға еш күмәнім жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» – дейді Қамшыбек Қоңқабаев.