Алматыда балаларға арналған «Алтын адам» қойылымы көрсетілді

02.12.2021 в 20:44

Іс-шара аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларына арналды

Almaty.tv

Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры ел егемендігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент – Елбасы күніне орай «Алтын адам» қойылымының көрсетілімін ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Іс-шара Алатау, Медеу, Түрксіб, Наурызбай, Әуезов аудандарының және «Бақытты отбасы» орталығының аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасыларына арналды. Жетісу жерін мекендеген жас көсем, сақ жауынгері, азаттық символына айналған тұлға туралы жаңаша сахналанған қойылым балаларға түзу жолдан таймай, рухы биік, ержүрек батырға тән қасиеттерді дәріптейді.  

«Қойылымның атын «Алтын адам» қойып, ресейлік режиссёр Уткин сахналады. Бұл кішкентай көрермендерге түсінікті тілмен, қиял-ғажайып ертегілер қосып, ғажайып бала тілімен ұсынылған дүние», – деді Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы Марал Тәуекелова.