Алматыда «Ұлы дала әуендері» атты концерт өтті

03.12.2021 20:56

Жергілікті ардагерлер қоры мүшелері ұйымдастырған мерекелік шарада зейнет жасындағы қариялар ән айтып, би билеп, өз өнерін көрсетті

Almaty.tv

Түрксіб ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала әуендері» атты концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті ардагерлер қоры мүшелері ұйымдастырған мерекелік шарада зейнет жасындағы қариялар ән айтып, би билеп, өз өнерін көрсетті. 

Жалпы, қор осыдан 2 жыл бұрын Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған еді. Қазір ансамбль құрамында 20-ға жуық ата-әже бар. Бүгін дәл осы игі бастамаға мұрындық болып, алғашқы концертін берген қор жетекшісі Ботагөз Жүнісованы аудан әкімдігі құттықтады. 

«Мен ата-әжелерімізге жаңа тыныс, жаңашылдық сыйлағаныма қуаныштымын. Түрлі ұлт өкілі тату-тәтті тұрады. Өздерінің өнерін көрерменге паш етіп жатыр», – деді «Ұлы дала әуендері» ардагерлер қорының жетекшісі Ботагөз Жүнісова.