Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын – Қарагөз Тілеубекова

16.12.2021 21:22

Әнші, актриса Қарагөз Тілеубекова қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті қазақстандықтар! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Биыл тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Бұл –  егемен еліміздің мәртебесін арттырған ұлы мейрам. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әрбір шаңыраққа бақ пен береке нәсіп етсін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» – дейді Қарагөз Тілеубекова.