Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Алматыда тағы бір аллея пайда болды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Алматыда тағы бір аллея пайда болды
Мерейтойға қарсы қаржы институты барлық өңірде өзінің аллеясын отырғызуды қолға алмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматыда тағы бір аллея пайда болды. Еліміздегі банктерді бірінің құрылғанына 180 жыл толуына орай қаржы ұйымы қызметкерлері мен қоғамдық қор еріктілері Алатау ауданында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тағы бір айта кетерлігі, мерейтойға қарсы қаржы институты барлық өңірде өзінің аллеясын отырғызуды қолға алмақ.

«2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы аясында осы аллея соғылған болатын. Және Жасыл экономика басқармасының «Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында осы 6 мың қарағай отырғызылды. Сондай-ақ табиғатты пайдалану «ЭКО Алматы активистер» аясында әрқашан еріктілердің және жастардың көмегімен ағаштар отырғызылып тұрмақ», – деді Алатау ауданының көріктендіру бөлімінің басшысы Еділжан Нарматов.

«Ағаш отырғызу науқанын бастадық. 30 қарағай ағашын отырғыздық. Бастама әлі де жалғасын табады. Жыл соңына дейін 1500 қарағай ағашын отырғызуды көздеп отырмыз. Бұл үлкен іс деп ойлаймын. Әкімдіктің қолдауымен Жасыл Алматы статусын жаңғыртуға ат салысып жатырмыз», – деді «Kaz Eco Patrol» республикалық экологиялық қозғалысының жетекшісі Тимур Елеусізов.

Новости партнеров