Елдің аға буын өкілдері жастармен кездесіп, Тәуелсіздік жолындағы игі бастамалар мен жемісті еңбектерден үзінді келтіріп, ғибратты ойлар айтты
Наурызбай аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен білім ордасында егемендіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тарландары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv
Елдің аға буын өкілдері жастармен кездесіп, Тәуелсіздік жолындағы игі бастамалар мен жемісті еңбектерден үзінді келтіріп, ғибратты ойлар айтты.
«Шараға келгендердің көбі жастар. Тәуелсіздікке қатысты көптеген сұрақтар қойылып жатыр. Қалай болды? Қалай келді? Жастардың арасында тәуелсіздік жылдары өмірге келгендер де, кейін дүниеге келгендерде бар екен. Өте қуаныштымыз, өйткені Тәуелсіздіктің әрбір жылы, жалпы Қазақстанның тәуелсіздігі деген сөздің өзі адамды тебірентуге тиіс»,– деді философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш.