Ауданның полиция басқармасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланып, дүйім жұртқа үлгі болған жанұяға сыйлықтар табысталды
Алматының Наурызбай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бірқатар шара өтпек. Соның бірі Республикалық отбасы күніне арналды, деп хабарлайды Almaty.tv
Ауданның полиция басқармасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланып, дүйім жұртқа үлгі болған жанұяға сыйлықтар табысталды.
«Республикалық отбасы күні қарсаңында 30 мемлекеттік органда онлайн және офлайн форматта, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудандағы үлгілі отбасылармен кездесу өткізіліп жатыр», – деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Фариза Ескендірова.
«Өнегелі отаудың өрісі кең» демекші басқосуға махаббаттың шырқау биігінде табысып, 60 жыл өмірдің ащы мен тұщысын бірге көрген Балбаевтар жанұясы қатысты. Жас буынға білгендерін айтып, ғұмырлық тәжірибесін бөлісті.
«Отбасын асырауға ер адам талпыныс жасауы қажет. Әйелдер де қарап отырмауы керек. Тек қана нәрестелі болған кезден басқа. Міне, осындай жағдайда «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» дейді», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Ертай Балбаев.