ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматының Зерделі шағын ауданында жекпе-жек орталығы ашылады

09.06.2021 21:38

Мұнда балаларға арналған каратэ, ММА, джиу-джитсу, самбо және күрес бойынша секциялар тегін өтеді

olympic.kz

Шығыс жекпе-жегі орталығының салтанатты ашылу рәсімі Алматы қаласының Алатау ауданында 11 маусым күні сағат 10.00-де өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Мегаполистің жас тұрғындары жаңа орталықта спортпен тегін шұғылдана алады.

Жекпе-жек орталығы – бұл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне орай меценаттар қаржысына салынған заманауи инфрақұрылым нысаны. Бұл орталық тек жаттығулар ғана емес, сонымен қатар жарыстар үшін де жайлы алаң болады.

Алатау ауданының әкімдігі хабарлағандай, мұнда балаларға арналған каратэ, ММА, джиу-джитсу, самбо және күрес бойынша секциялар тегін өтеді. Жаттығуларды спорт шеберлері өткізетін болады. Жаттығуларды спорт шеберлері жүргізеді.

Орталық Зерделі шағын ауданының жанына салынған, мұнда көптеген жас отбасылар тұрады. Енді ата-аналар балаларын үйден қадамдық қашықтағы жекпе-жек секциясына апара алады.

Бұл – Алматы әкімдігі басты назар аударатын қаланың шет аймақтарын дамыту жөніндегі бірқатар жобалардың бірі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Жаңа Алматыны» дамытудың бес жылдық кешенді жоспары қабылданғаны бәрімізге белгілі. Сонымен қатар, «шетсіз қала» тұжырымдамасын іске асыру бойынша нақтылы бағыттар жүзеге асуда.

БАҚ өкілдерін шағын ауданда орналасқан жекпе-жек орталығының ашылу рәсіміне қатысуға шақырамыз. Зерделі шағын ауданы Мөңке Би көшесіндегі "Нұр Отан"партиясының Алатау аудандық бөлімшесіне қарама-қарсы орналасқан.