Алматыда суретші Сейсенхан Маханбетовтің «Ұлы дала дастаны» атты көрмесі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Сейсенхан Маханбетовтың туындылары еліміз бен өзге де мемлекеттердегі мұражайлардың алтын қорына енген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда белгілі суретші Сейсенхан Маханбетовтің «Ұлы дала дастаны» атты көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Түркістан қаласынан бастау алған шара Әбілхан Қастеев атындағы музейде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Көркем картиналар тарихи және пейзаж жанрында ұсынылған. Автор қылқалам арқылы қазақтың бай рухани мәдениетін бейнелеп, жастардың сурет өнеріне деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді. Көрмеге 60-тан астам еңбек қойылған. Сейсенхан Маханбетовтың туындылары еліміз бен өзге де мемлекеттердегі мұражайлардың алтын қорына енген.

«Суретшінің шығармашылығы – көп жанрлы. Дегенмен суретшінің жанына жақыны – бұл пейзаж жанры. Сол бір табиғат пен адам арасындағы бір байланысты көрсете білсе, бұл жердегі кең жазық даладағы жылқы бейнелері суреттеген. Мысалы, жеті арғымақ деген туындысы қазақ жанына жақын», – деді  Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің ғылыми қызметкері Лаура Әбілдаева.

Новости партнеров