Мемлекет басшысы Желтоқсан қаһармандарын еске алды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Желтоқсан қаһармандарын еске алды Фото ашық дереккөзден

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан боздақтарының азаттық жолындағы рөлін, еліміз тәуелсіздігін бір табан жақындатқан үлесін айрықша атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

«Кешегі Желтоқсан қаһармандары біз үшін Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық. Асқар тау алыстаған сайын асқақ көрінеді. Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді. Осылайша, мыңжылдықтар тоғысатын тұста азаттық туы көгімізде желбіреді. Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир