Тарихта алғаш рет 5 мәдениет ұйымына Президент жарлығымен ұлттық мәртебесі берілді
Тәуелсіздік күніне орай үш елдің театрлары шығармашылық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Елорда-өнер өлкесі» шарасы туралы өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және елорда күні қарсаңында 21 маусым күні Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдері арасында «Елорда-өнер өлкесі» шығармашылық кездесуі өтеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы барлық шара мәдениетті ілгерілетуге, дәстүрлерді жаңғырту мен саламатты өмір салтын дамытуға бағытталған», ‒ деді ол.
Дәуешов атағандай, бүгінгі таңда Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді.
«Оның 53-і - мемлекеттік театр. Тәуелсіздік жылдары елімізде 22 мемлекеттік театр ашылған. Ел өңірлерінде 9 театрға 9 ғимарат салынды», ‒ деді вице-министр.
Ол атағандай, Тәуелсіздік жылдары Үкімет қаулысымен 9 театрға академиялық мәртебе берілді.
«Тарихта алғаш рет 5 мәдениет ұйымына Президент жарлығымен ұлттық мәртебесі берілді», ‒ деді Нұрғиса Дәуешов.