Көңілді тозаң баспасын: Алматыда ақын Серік Қалиевтің шығармашылық кеші өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ауқымды кеш «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Болашаққа хат...» Алматыда осындай атаумен ақын, журналист Серік Қалиевтің шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ауқымды кеш «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті. Кеште әуезді ән мен ғибратты әңгімелер, терме-толғаулар айтылып, ой саларлық өлеңдер оқылды. Ақын шәкірттері бір-бірімен айтысып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бүгінде ақынның «Жұлдыз-сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары көпшілікке кеңінен таныс. Рухани кездесу соңында замандас, достары қазақы дәстүр бойынша ақынның иығына шапан жауып, ыстық ықыласын жолдады.  

«Ең бірінші мақсат адамдарды жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару, жүрегіне жылу ұсыну, мейірім ояту. Қадыр Мырза Әлиевтің өлеңі бар:

Жинай-жинай тірліктің мүлкін де әсем,

Бірте-бірте шығады күлкің бәсең.

Бәрін тозаң басады анда-санда,

Іннен шыққан қасырдай сілкінбесең. Сол сияқты көңілді тозаң басып кетпеу үшін, анда-санда сілкіп тұру керек», – дейді ақын, журналист Серік Қалиев.

Новости партнеров