Тәуелсіздік түлектері: Өнер академиясында айрықша көрме өтті

30.11.2021 22:12

Іс-шараның басты мақсаты – Отанға, елге деген сүйіспеншілікті көркем шығармалар арқылы паш ету

Almaty.tv

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында«Тәуелсіздік түлектері» атты шығармашылық көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – Отанға, елге деген сүйіспеншілікті көркем шығармалар арқылы паш ету. Көрмеге оқу орны түлектерінің түрлі тақырыпты бейнелеген, ұлттық мазмұнға толы кескіндеме, мүсін, графика, вираж, қолданбалы өнер түрлерінің жүзден астам туындылары қойылды.

«Бұл көрменің мағынасы – академиядан отыз жыл бойы шыққан түлектер бірігіп, өз туындыларын көрмеге алып келді. Олар – мүсін, сурет саласында Тәуелсіздік идеологиясын сомдап жүрген суреткерлер. Сондықтан олардың Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтуға қосқан үлесі мол», – деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы Шәріпбек Әмірбеков.