Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Мемлекеттік ту көкке көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Рәсім Нұр-Сұлтанның орталығындағы елдегі ең үлкен ту орналасқан «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында өтті.
Айта кетейік, байрақтың көлемі – 450 шаршы метр, ал салмағы – 90 келі. Ол 111 метр биіктікке дейін көтеріледі.
Егемендіктің 30 жылдығына арналған шарада бірқатар салтанатты іс-қимылдар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалды.
Бұл рәсімнің тарихи мән-маңызы айрықша. Өйткені көк туымыз – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты рәмізі.