Алматы жастары: Тәуелсіздік − ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы

17.06.2021 22:22

Алматы жастары «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» республикалық челледжін қабылдады

Almaty.tv

Алматы жастары «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» республикалық челледжін қабылдады. Әртүрлі салада жетістікке жеткен жастар Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген мүмкіндіктер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

24 жастағы Шерзат Шермет Қ.И. Сәтпаев университетіндегі Студенттермен жұмыс департаментінің директоры.

«Ең алдымен мен үшін Тәуелсіздік − бостандық. Бұл біздің ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Осы 30 жыл ішінде біз үшін көптеген мүмкіндікке жол ашылды. Медицина, білім, ғылым, мәдениет. Тіпті, жасалған дүниенің  бәрін тізіп шығу қиын. Мен осындай елде өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын», − деді Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Студенттермен жұмыс департаментінің директоры Шерзат Шермет.

Назгүл Жиренбаева Тәуелсіздікті еркіндікпен байланыстырады. Ол жастардың өкілі ретінде жас ұрпақ үшін бүкіл жағдай жасалған деп санайды. Заманауи жүйенің арқасында ол тегін сапалы білім алды.

«Жұмыс істеу, білім алу, біліктілікті арттыру үшін жастарға әртүрлі жағдай жасалады. Мысалы, мен алсаңыз политехникалық университетті бітірдім, магистратураны аяқтап, өзім қалаған жұмысты істеп жүрмін. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында деп ойлаймын», − деді Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ кафедра меңгерушісі Назгүл Жиренбаева.