Әуезов және Наурызбай аудандарының еңбегі сіңген азаматтары марапатталды

Әуезов және Наурызбай аудандарының еңбегі сіңген азаматтары марапатталды
Сондай-ақ желтоқсаншыларға да төсбелгі тағылып, алғысхаттар табысталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Әуезов және Наурызбай аудандарында Тәуелсіздік күніне орай мегаполистің қарыштап дамуына өз үлесін қосқан азаматтар мен желтоқсаншылар марапатталды. Аудан әкімдері оларға төсбелгі тағып, алғысхаттар табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Әуезов ауданында егемендік күніне және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі мерекелік концерт өтті. Онда аудан әкімі Сайран Сайфеденов барша отандасты құттықтап, білім және медицина саласына, сондай-ақ әлеуметтік дамуда өз үлесін қосқан тұрғындарды марапаттады.

«1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан кезде Абай айтындағы педагогикалық алғашқы институттың студенті едім. 1990-жылы оқуымды аяқтағалы 30 жылдан бері, тіпті, биыл 31 жыл болды,  Алматы қаласында ұстаздық етіп келемін», – деді М. Ганди атындағы №92 лицей директоры Күлжан Шажабаева.

Дәл осындай іс-шара жаңа Алматының төрінде де ұйымдастырылды. Наурызбай ауданының әкімі тәуелсіздік алған уақыттан бергі жеткен жетістіктерге тоқталып, ауданның дамуына үлес қосқан 80-нен астам тұрғынға төсбелгі мен арнайы медаль табыстады.

«Қазақ баласын жетістіктерге жеткізіп, патриоттық сезім мен Қазақстанды сүюге тәрбиелеуден біз ешқашан жалықпаймыз. Алдағы уақытта да тәуелсіз мемлекетімізге қызметімізді сіңіреміз, бұдан да керемет жұмысымызды жалғастырамыз деп ойлаймын», – деді №176 мектеп-гимназия директоры Гүлбағда Әденова.

Марапатқа ие болғандар – Тәуелсіздік жылдары бір ауданның ғана емес, жалпы мемлекеттің дамуына өз үлесін қосқан азаматтар. Олар да еңбектерінің еленіп, дүйім жұрттың алғысына бөленгеніне өз ризашылғын білдірді.

Оразай Нұртай, Мұрат Тайжан, Ялкунжан Әшімжан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров