Телемарафон Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихын тұтас қамтыды – Нұрлан Нұрғазин

Телемарафон Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихын тұтас қамтыды – Нұрлан Нұрғазин

Биыл ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесімен бірге, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. «Тәуелсіздік – ең қастерлі, қасиетті ұғым. Бұл – қатардағы мереке күні емес,әр қазақ мақтан тұтатын, маңызын түсінуге ұмтылатын күн». Бұл туралы Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының академигі Нұрлан Нұрғазин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрлан Нұрғазин айтулы күнге орай «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты телемарафонынан алған әсерін бөлісті.

«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты телемарафоннан біраз жақсы дүниені көрдік. Эфирдің шымылдығы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қою рәсімінен басталса, түскі уақытта зиялы қауым өкілдері мен еліміздің бірқатар көрнекті қайраткерімен керемет сұхбатпен өрбіді. Телемарафон Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихын тұтас қамтыды. Әр кезеңнен құнды деректер айтылып, эфирден деректі фильдер көрсетіліп жатты. «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» дейміз ғой. Телемарафон соны аша білді.

Зиялы қауыммен қатар қарапайым қала тұрғындарының да пікірлері эфирден айтылды. Эфир барысында бірнеше әннің тұсаукесері өтті. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті десем, артық етпес. Себебі өте жақсы дайындық жасалғаны көрініп тұр. Халықтың көңілінен шығу бұл – ұжымның еңбегі. Тәуелсіздік күні – қатардағы мереке күні емес. Бұл күн жай ғана демалыс күні емес, әр қазақ мақтан тұтатын, маңызын түсінуге ұмтылатын күн», – деді ҚР Журналистер академиясының академигі Нұрлан Нұрғазин.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Зере Саримова
Зере Саримова
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир