Еліміздің Мемлекеттік орталық музейінде «Алматы менің жүрегімде» балалар шығармашылығының көрмесі ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қала күніне орай ұйымдастырылып отырған шараға 5 жас пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 100-ден астам жұмысы қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Түрлі техникалар мен жанрларда орындалған төл туындыларында балалар көрікті жерлерді, мәдениет пен тарих ескерткіштерін, түрлі-түсті натюрморттарды бейнелеген. Ұйымдастырылып отырған көрме балалардың шығармашылық жолына үлкен бастама болмақ.
«Балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Себебі біздің музейде жылына 180-нен астам балалар көрмесі ұйымдастырылады. Осындай 100 жылдық тарихы бар мекемеге өздерінің жұмыстарын қойып, өздерін көрсете біліп, оларды ынталандыру басты мақсатымыз», – деді ҚР Мемлекеттік орталық музейінің баспасөз хатшысы Ақмарал Айдынбаева.
«Бұл көрме – балаларға толықтай шығармашылық тұрғыда ашылуға көмектеседі. Балалар сүйікті қаламыз Алматының сұлу жерлерін ерекше көріністе суреттейді», – деді ата-ана Елена Рузина.