Тәуелсіз елдің жастары өз кезегінде концерттік бағдарлама әзірлеп, келген қонақтарға өнерлерін көрсетті
Алматыдағы №184-ші мектепте 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар жас буынмен кездесті. Солбір зұлмат замандағы естеліктермен бөлісіп, Тәуелсіздіктің бастауы болған оқиғалардың мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәуелсіз елдің жастары өз кезегінде концерттік бағдарлама әзірлеп, келген қонақтарға өнерлерін көрсетті.
«Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апкелеріміз оқушыларға сол кездегі оқиға туралы айтып берді. Бұл балаларға үлкен тәжірибе болды. Жалпы Тәуелсіздік бұл жәй ғана мереке емес. Бұл үзіксіз қажырлы еңбек», – деді №184 жалпы білім беретін мектептің директоры Құрбан Оразбек.