Шара ең үздік ұшқыштар экипаждарының қатысуымен «Менің Туым - менің Отаным» акциясы аясында ұйымдастырылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Әскери-әуе күштері армия авиациясының жауынгерлік тікұшақтары көк аспанда еліміздің символы - Мемлекеттік туды қалықтатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шара ең үздік ұшқыштар экипаждарының қатысуымен «Менің Туым - менің Отаным» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Ұшқыш-мергендер – Әскери-әуе күштері армия авиациясының бастығы Нұрлан Байдуллаев, авиация базасының командирі Мақсұтбек Әділбаев Ми-171Ш тікұшағымен көк байрақты зеңгір көкте желбіретті.
Айта кетейік, Әуе қорғанысы күштері Қазақстанның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін күзетеді. Авиация паркі жыл сайын техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерімен толықтырылып отыр.