Алматыда еліміз тәуелсіздік алғалы бері халық саны 1,7 есеге өсті

06.11.2021 01:11

Бүгінде мегаполисте 2 миллионнан астам адам өмір сүріп жатыр

Almaty.tv

Егемендіктің 30 жылында Тәуелсіздіктің алтын бесігі саналатын Алматыда халық саны 1,7 есеге өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Мәселен, азаттықтың алғашқы жылдарында тұрғындар саны 1 миллион 134 мың 400 адамды құраса, биыл мегаполисте 2 миллионнан астам адам өмір сүріп жатыр.

Мәселен, 1993 жылы 5 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Шет елдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын белгілеу туралы» № 1394 қаулысы шықты.

Ал 2009 жылы Тұңғыш Президент «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімдерді бекіту және кеден істеріндегі өзара жәрдем туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осыдан 11 жыл бұрын 5 қарашада мегаполистегі Мемлекеттік Орталық музейде көрнекті қазақ ғалымы, жазушы Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығына арналған көрме ашылды.