Тәуелсіздік күнтізбесі: 12 қарашада қандай тарихи оқиғалар болды

13.11.2021 01:27

Егемендіктің 30 жылында республикамызда көптеген бастамалар қолға алынды

Фото: Ақорда

1997 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңына қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Аталмыш құжат мемлекеттік қызметті жүзеге асырудың біркелкі принциптеріне негізделеді және осы сипаты бойынша кәсіби болып саналады.

Ал 1905 жылы 12 қарашада композитор, Қазақ ССР-нің халық әртісі Евгений Брусиловский дүниеге келген. Тарихи тұлға 1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматы қаласына ат басын бұрды. Өз еңбек жолында қазақ өнерінің дамуына үлес қосып, 1939-1956 жылдары – Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, 1956-1976 жылдары – КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі болды.

Бүгінде Алматы қаласындағы көшеге оның есімі берілді.