Оқу ордасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылдық жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгін оқу ордасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Басқосуда қара шаңырақтың оқытушы-профессорлар құрамы мен үздік қызметкерлері марапатталды.
Сондай-ақ студенттер сарайында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Университет қабырғасында қызмет етіп жүрген ерен еңбегімізді ескеріп, бүгін құрметке бөледі. Көп рақмет. Бәріңізді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтағым келеді», – деді ҚазҰУ ЖОО дейінгі дайындық факультетінің аға оқытушысы Айша Биғалиева.