Alatay Aqparat қызметкерлері Елорда күніне орай тау шыңын бағындырды

05.07.2021 02:06

4120 метрлік шыңның басына Аlmaty Aqshamy газетінің туын тігіп, ескерткіш тақталар орнатты

Vecher.kz

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күні, «Вечерний Almaty» газетінің 85 жылдық мерейтойы және Almaty Aqshamy газетінің 33 жылдығына орай 3 шілде күні Alatay Aqparat ЖШС-нің қызметкерлері Бақыт Ойса мен Самат Құсайынов 28 гвардияшы-панфиловшылар шыңына екінші рет көтерілді. 4120 метрлік шыңның басына Аlmaty Aqshamy газетінің туын тігіп, ескерткіш тақталар орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv

Альпинистердің арнайы сертификаттарын алды.

«Біз осыншама биіктікке алғаш рет көтерілдік. Шыңға шығу оңай болды деп айта алмаймын. Almaty Aqshamy және «Вечерний Almaty» газеттерінің, жалпы Alatay Aqparat ұжымы, медиахолдингтің басшысы Төлеміс Құлмұхамедов бірнеше биіктіктегі шыңға шығуға жігерлендіріп, қолдау білдірді. Бұл тәжірибе  газеттің тарихында тұңғыш рет жасалып отыр», деді Бақыт Ойса.