Алматыда жас өнерпаздардың патриоттық бағытындағы байқауы өз мәресіне жетті

13.11.2021 в 02:34

Шараға қаламыздың жүзден астам мектебінен барлығы 500-ге жуық оқушы қатысты

Алматыда «Патриоттық рух – басты құндылық» атты жас өнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.        

Шараға қаламыздың 100-ден астам мектебінен барлығы 500-ге жуық оқушы қатысып, 3 номинация бойынша бақ сынады. Кейін келген көрерменді әсем мен тәтті күйге бөлеген қатысушылар марапатталып, жарыс жеңімпаздары анықталды. 

«Өзіміздің өрімдей апаларымыз, ағаларымыздың құрметіне өтіп жатқан мерейтойға өзімнің үлесімді қосып, өлең жаттап, бағымды сынауға келдім. Әрине, 1-орын алып, жеңімпаз атанғанымы қуанып тұрмын», – деді мәнерлеп оқудан жарыс жеңімпазы Талғат Абайұлы.

Одан бөлек, ұйымдастырушылар алдағы уақытта бокстан Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. 

«Бұл жобаның мақсаты – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған. Жоба барысында Алматы қаласында шілде айынан бастап 200-ге жуық шара ұйымдастырылды», – деді халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова.