Абайдың қара сөздері тұңғыш рет үш тілде жарық көрді

Кітаптың тұсаукесері елордадағы орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті

Абайдың қара сөздері тұңғыш рет үш тілде жарық көрді

Абайдың қара сөздері тұңғыш рет үш тілде жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кітаптың тұсаукесері елордадағы орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті. Еңбекті орыс тіліне ақын, аудармашы Ербол Жұмағұл аударды. Ал ағылшын тіліндегі аударманың авторы – Саймон Гейган.

Басылым 200 данамен шықты. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік 18 кітапханаға таратылады. Алдағы уақытта жаппай сатылымға шығару да жоспарда бар екен.  

Елордада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қара сөздері тұңғыш рет үш тілде жарық көрді. Халықаралық қазақ ПЕН-клубы осы тамаша кітаптың жаңа аудармасы үшін біраз күш жұмсапты. Ал Ербол Жұмағұл осы уақытқа дейін Абайдың орыс тіліне аударылған қара сөздеріне көңілі толмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, аудармашылар сөздің толық мағынасын аша алмаған дейді.

«Әр сөзін 3-4 сағат аударып, бірнеше тілден іздеп, қырғыз тілінен тауып алып, кейбірін татар тілінен, түркі тілдерінен тауып алдым. Қазақ тілінен жойылып кеткен, бірақ соларда сақталған сөздер бар. Араб, парсы сөздері кездеседі. Соның бәрін дұрыс аударуға тырыстым. Бір мысал келтірейін. «Зинһар сендерден сұрайтын ісім бар» деп сұрайды. Зинһар деген сөзді бір аудармашы мүлде аудармаған», – деді аудармашы Ербол Жұмағұл. 

Басылым 200 данамен жарыққа шығып, елордадағы мемлекеттік 18 кітапханаға үлестіріледі. Алдағы уақытта жаппай сатылымға шығару да жоспарланыпты. Осылай деген орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мадибаева аударманың тілі жеңіл, оңай оқылатынын жеткізді.

«Алдағы уақытта одан да көп болуы керек деп ойлаймын. Біз оқырмандар ұсынысына көңіл аударатын боламыз», – деді Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мадибаева.

Басты мақсат – Абайдың қара сөздерін ағылшын тіліне аудару арқылы әлемдік аренада насихаттау. Ақынның қара сөздерін өмірдің қай саласында қолдансақ та, мемлекет ретінде мұратқа жетуге, ел ретінде еңсемізді тіктеуге үлкен күш беретіні сөзсіз.

Қаламқас Нысанбай, «Алматы» телеарнасы, Нұр-Сұлтаннан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир