Еліміз Тәуелсіздік алғалы 23 қала мен 20 мыңға жуық көшенің атауы қазақшаланған. 1993 жылы 4 мамырда Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы «Қазақша жер-су аттарын, атауларды орыс тілінде дәл жазуды тәртіпке келтіру және жекелеген әкімшілік-аумақтық мекендерінің атауларын өзгерту туралы» қаулы қабылдаған еді. Бүгінде бұл шаруа қалай жүзеге асуда? Ал, Алматыда қанша көше атауы өзгерді? Толығырақ Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт тарқатады.
1991 жылы Тәуелсіздікке қол жеткен соң, елде аймақтар мен қала атауларын қазақылау мәселесіне ден қойылды. Кейін 1993 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңес төралқасы бұл мәселені қолға алып, арнайы қаулы қабылданды. Себебі отарлау саясаты кезінде жер-су аттары тарихи атауын жоғалтқан.
«Монастырка», «Георгиевка», «Александровка» секілді шаруалар өз алдына. Тіпті, ағзам патшалар отбасы, имперторлар, князь бен монархтардың есімдері қойылды. «Верный» деп қазақтың жеріне. Соған байланысты мына 1996 жылы қаулы шықты. Бұрынғы өзінің ұмыт болған тарихи атауларды қалпыны келтіру жұмысы қарқынды жүре бастады», – деді А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ономастика бөлімінің меңгерушісі Қыздархан Рысберген.
Бүгінде Республика бойынша 23 қаланың атауы қазақшаланған. Сондай-ақ, әр өңірде ескі көшелер атауы өзгерді. Осылай, 28 жыл ішінде тек Алматыда 1064 көше, жалпы елде 20 мың көше қазақ халқының ұлы тұлғаларының есімі мен аталды.
Бұл Алматы шаһарының орталығындағы «Абылай хан» даңғылы. Ұзындығы 4 шақырымнан асатын көше «Алматы-2» темір жол бекетінен басталып, Абай даңғылының бойында орналасқан Қазақ Ұлттық кітапханаға келіп тіреледі. Ең қызығы, осыдан тура 30 жыл бұрын бұл көшенің атауы орыс тілінде «Коммунистік проспект» деп аталған. Ал, оның алдында «Вокзал», «Сталин», «Кладбищенская» секілді атаулар берілген. Бірақ 1991 жылы Алматы қаласы әкімінің шешімімен көшеге қазақ халқының ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның есімі берілген.
Тіл мамандарының айтуынша, жер-су атауларына қатысты заң - еліміз үшін өте маңызды. Қазір осы заңның арқасында жергілікті 27 шағын аудан мен Республикадағы 3000-ға жуық елді-мекен атауы өзгерген.
«Тың игеру» кезінде қай елден келген адамдар сол жерге өз жерлерінің атауларын қоя бастады. Держинскийдің Алматыдағы көшесі бар болатын. Міне, осындай мәселелердің барлығы алғашқы кезеңде ерекше белсінділікпенен жүзеге аса бастады. Қазіргі кезбен салыстыратын болсақ, арасы жер мен көктей екенін көруге болады», – деді М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.
Алдағы уақытта Алматыдағы тағы 118 көшеге Шерхан Мұртаза, Салық Зиманов, Манаш Қозыбаев, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы секілді қазақ зиялыларының есімдері берілмек.
Аяулым Көлжігіт, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы