Қос тарап Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспарын талқылады
Елбасы кітапханасының өкілдері Женевадағы саясат және қауіпсіздік орталығының басшысымен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қос тарап Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспарын талқылады.
Айта кетейік, Елбасы кітапханасы Женева қаласындағы іс-сапарда жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен дипломатиялық қатынас мәселелеріне қатысты бірқатар кездесу өткізген еді.
«Елбасы кітапханасы аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Осы орайда ынтымақтастығымыз практикалық деңгейге шығуы мүмкін. Екіжақты ынтымақтастықтың ортақ мақсаттары мен бағыттарын таба алатынымызға сенімдімін», – деді Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.