Akimat LIVE: Бақытжан Сағынтаевқа қойылған сұрақтардың жауабы жарияланды

vlast.kz
vlast.kz
Редакцияға келіп түскен бірде-бір мәселе қала билігінің назарынан тыс қалмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасында 2021 жылғы 18 тамызда сағат 19:00-де Akimat LIVE бағдарламасы кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Қала тұрғындарынан келген сұрақтар өте көп болғандықтан, кейбірі эфирге шықпады. Дегенмен редакцияға келіп түскен бірде-бір мәселе қала билігінің назарынан тыс қалмады.


Тұрғын сұрағы:

Момышұлы Райымбек көшесінде әлі күнге деиін  кәріз жүйесі жоқ. Қашан канализация қосылады екен. Нақты көшеміз Сарайшык 7.


Жауап:

АЗТМ Алғабас шағын ауданында мердігер мекеме "EL Construction-2050" ЖШС және "ТА Инжиниринг" ЖШС тарапынан 2017-2018 жж. орталық су және кәріз желілерінің құрылысы жүргізілген. Кәріз желісі 2020 жылы пайдалануға берілді. Дегенмен, су желілерінің құрылысы бүгінгі күнге дейін толық аяқталмаған, пайдалануға берілмеген. Су желісі бойынша мердігер мекеме тарапынан көптеген ақаулар табылып, құрылғылар толығымен орнатылмаған. Сонымен қатар, тұрғынмен қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәріз желісіне қосылуға мүмкіндігі бар екендігі жеткізілді.

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысы бойынша 2018 жылы "EL Construction-2050" ЖШС мердігерлік ұйымымен (бұдан әрі - ЖШС) Ақбұлақ АЗТМ шағын ауданда су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы жүргізілді.

Бүгінгі таңда кәріз желілері жұмыс істейді. Жобада ескерілмеген қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу үшін абоненттер белгіленген тәртіппен тиісті өтінішпен "Алматы Су" МКК, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 196 мекен-жайы бойынша техникалық шарттарды сұратуы қажет.


Тұрғын сұрағы:

Қонаев көшесі мен Мақатаев көшесіндегі нөмері 59 үйдің бұрышында өсіп тұрған 100 жылдық қураған теректі кесу мәселесі бойынша сұрайын деп едім.


Жауап:

Аталған мекен жайдағы шіріген, апатты ағаш алып тасталынды.


Тұрғын сұрағы:

Медеу ауданы Көлсай ықшам ауданында екі үйді су басып кетті. Жауған жаңбыр мен арықтың бітеліп қалғанынан осылай болды. Енді осыған көмек берулеріңізді сұраймын.


Жауап:

Коммуналдық қызметттердің  аталған мекенжайда тиісті жұмыстар атқарылды. Су басу қауіпі жоқ.


Тұрғын сұрағы:

Емізулі балам бар еді. Вакцина алмағанмын. Дәрігерден анықта қағазы бар. Мектепте мұғаліммін. Енді ары қарай қалай жұмыс істеймін.


Жауап:

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Вакцина салдыруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар мұғалімдер санитарлық талаптарды ұстанып, әдеттегідей жұмысын жалғастырады.


Тұрғын сұрағы:

Ұлжан-1, Бесқарағай-2 мекенжайы бойынша тұрамын. Өзім жалғызбасты анамын.Үйімнің құжаты жоқ. Көмек берулеріңізді сұраймын.


Жауап:

Алматы қаласында әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында Алатау ауданында өз бетінше басып алынған жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу жөніндегі Жер комиссиясы құрылды. Заңсыз басып алынған жер учаскелерді анықтап, олардың мемлекеттік өкілетті органдармен бірге қала кұрылысы регламенті мен Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкестігін анықтау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Уәкілетті органдардың тиісті жұмыстарының нәтижелері бойынша өз бетімен басып алынған жер учаскелерін заңдастыру үшін Алматы каласы Жер комиссиясының қарауына енгізілетін болады.

Осыған байланысты, Сізге ауданның аталған Жұмыс комиссиясына жүгінуіңіз қажет.


Тұрғын сұрағы:

Алатау ауданының Томирис ықшам ауданында жол жоқ. Былтыр өз ақшамызға салып едік, оны сүріп тастады. Енді батпаққа батып отырмыз.


Жауап:

Томирис шағын ауданы 2020 жылы бекітілген жоба аясында жол салу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, жолдардың орташа жөндеуі орындалды. Сіздің өтінішіңіз бойынша шешім қабылдау үшін мекенжайыңызды нақтылауыңызды сұраймыз.

Аталған өтініш бойынша табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп орынға шығу ұйымдастырылды, ғимарат иесімен түсіндіру жұмыстары және аумақтарды жинау жүргізілді белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналатындықтан барлық кіру есіктері мен терезелерін жабу бойынша шаралар қабылданды

2019-2020 жж. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы тарапынан Томирис шағын ауданында 18,2 км жаңа жол құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, аудан аумағында өтінім беру арқылы ағымдағы жол жөндеу жұмыстары үнемі жүргізіліп жатыр.


Тұрғын сұрағы:

Жетісу ауданы Черноморская көшесінде ТЖО өртеніп кеткен. Алайда өрттің орнын ешкім жинастырмады. Қазір жағымсыз иіс шығады.


Жауап:

Аталған өтініш бойынша табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп орынға шығу ұйымдастырылды, ғимарат иесімен түсіндіру жұмыстары және аумақтарды жинау жүргізілді белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналатындықтан барлық кіру есіктері мен терезелерін жабу бойынша шаралар қабылданды.


Тұрғын сұрағы:

Мен Наурызбай ауданы Тажиева 63 уйде тұрамын.Екі кішкентай немерем бар. Жазда су жоқ, өте қиын. Осы мәселені қарастырсаңыздар.


Жауап:

Жаз айларында судың көп мөлшерде қолданылуына байланысты (бау-бақша суару және т.б) су тапшылығы орын алатынын хабарлаймыз.  «Алматы су» МКК аудандық пайдалану учаскесі мамандарымен су құбыры желілерінде күнделікті тексеру және реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасымен Қарғалы өзенінде ірі су тоғанының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қарағайлы шағынауданы бойынша орталық су құбыры желілерін жүргізу бойынша жоба әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өткізілуде, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталатын болады.


Тұрғын сұрағы:

Қаладағы интернет байланысы қашан көтеріледі.  Көкқайнар , «Шаңырақ-5» елді мекендеріне ҚазТелеком келеді ма?


Жауап:

Алатау ауданы әкімінің аппараты тарапынан «Шаңырақ-5» шағын ауданына байланыс және ғаламтор желілерін жүргізу мақсатында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасына өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізілді. Шағын ауданда 2020 жылдың 3 тоқсанында «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) компаниясының жаңа базалық станциясы іске қосылды. Сондай-ақ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel) компаниясының желісі толығымен жүргізілген. Қосылу үшін компанияғы жеке түлға тарапынан өтініш білдіру қажет.

Сондай-ақ, халықтыжоғарғысапалы интернет желілеріменқамтумақсатында, қазіргітаңда Алматы қаласыныңәкімдігітарапынан«Meganet» ЖШС компаниясымен бірлесіп, Түрксіб, Наурызбай аудандарында  «Талшықты - оптикалықбайланысжелісі» (ТОБЖ) арқылыпилоттықжобасыіскеасырылуда.

Осы пилоттықжобааяқталғаннанкейін, Алатау ауданы, «Көкқайнар»(Шаңырақ-5) шағынауданына да кезектіқосымшажелілердіорнатумәселесіқолғаалынатынболады. Жобаныіскеасыру 2021-2022 жылдарыжоспарланған.

Алатау ауданыәкімінің аппараты өз құзыреті шегінде,аталған қоғамдық көлікті Сіздің өтінішіңіздегі көрсетілген мекен-жайға созу үшін Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасына ұсыныс берілді. Аталған сұрақ жоғарыда аталған басқарманының қарауында.


Тұрғын сұрағы:

Менің балам 130 гимназияда окиды. 3-сыныпта 35 бала. 1-сыныпта оданда көп. Пандемияға байланысты  25 баладан оқу керек емеспа.


Жауап:

І.Жансүгіров атындағы №130 гимназияда қазіргі сәтте 1866 оқушы тіркелген.

Сонымен қатар, қазір қалада жаңа оқу орындарын ашу мақсатында жаңа білім беру ұйымдарының  және қолданыстағы мектептерге қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Әуезов ауданында 5 мектептерге қосымша ғимараттар салынуда. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Новости партнеров