|
21.07.2021 | 18:08
5342

Б. Сағынтаевтың қатысуымен өткен онлайн-презентация кезінде қойылған сұрақтардың жауабы жарияланды

Әр сұраққа толыққанды жауап берілді

Б. Сағынтаевтың қатысуымен өткен онлайн-презентация кезінде қойылған сұрақтардың жауабы жарияланды Almaty.tv

2021 жылы 30 маусымда қала әкімі Б. Сағынтаевтың қатысуымен өткен «Жол инфрақұрылымын дамыту» жобаларының онлайн-презентациясы кезінде әлеуметтік желіге түскен сұрақтар мен ұсыныстардың тізімі және олардың жауабы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғын сұрағы:

Достық және Әл-Фараби даңғылының бойындағы жолдың екі жағынан да тұрғын үй кешендері тығыз салынған. Олар көлік кептелісіне әсер етеді. Бұл жерге үйлер салмауыңызды сұраймыз. Қазірдің өзінде тұрғын үй кешенінің тығыздығы барлық стандарттан асып түседі.

Жауап:

Қазіргі уақытта  аталған мекен-жай бойынша құрылыс жүргізілмейді. Құрылыс салушыға жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен қоғамдық тыңдау өткізу ұсынылды.

Егер қала тұрғындары құрылыс салушы ұсынған жобаны мақұлдаса, Алматы әкімдігі ҚР заңнамасының қолданыс талаптарына сәйкес оны іске асыру жөніндегі ұсынысты қарауға дайын.

Тұрғын сұрағы:

Рысқұлов пен Петров көшелерінің қиылысындағы көпірдің құрылысы кашан аяқталады?

Жауап:

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерінің алынуына (сатып алуына) байланысты жүргізілуде. Қазіргі уақытта жер телімдерін алу рәсімі толығымен аяқталмаған. Осыған байланысты, көлік жолайрығының аяқталу мерзімі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін толығымен алынған және бюджеттен қаражат бөлінген жағдайларда 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Тұрғын сұрағы:

Тұрғылықты жер бойынша тіркеуде тұрмасақ, Алматы қаласынан жер телімін алуға бола ма?

Жауап:

Алматы қаласында бос жерлердің (алаңдардың) болмауына байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөліп беру жүзеге асырылмайды.

Бас жоспарда қарастырылған жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаптар толығымен игерілген.

Бүгінгі күні Алматы қаласының аумағында инженерлік-техникалық жағынан қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген жеке тұрғын үй құрылысына дайындалған жер алаптары және алаңдар жоқ.

Осыған байланысты, Алматы қаласында азаматтарды жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ және азаматтардың жер учаскелерін алуға өтініштерін есепке алу жүргізілмейді.

Тұрғын сұрағы:

«Алматы Су» Симферополь көшесінде жарылған құбырды жасап артарынан казылған асфальтті тура біздің есіктің алдына тастап кетті. Үйіміздің алдын қопарып тастады. Бұған кім жауап береді?

Жауап:

2021 жылы 26 мамырда Симферополь 7 мекенжайы бойынша Әуезов АЭБ ШЖҚ «Алматы Су» МКК күшімен су құбыры желілеріне қатысты авариялық жағдайларды қалпына келтіру жұмыстары (д-200мм қазу) жүргізілді. Қазіргі уақытта сіз көрсеткен ескертулер жойылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир