Көпшілік үшін таңды бір кесе хош иісті кофесіз елестету қиын.
Кофе – әлемдегі ең танымал сусындардың бірі. Көпшілік үшін таңды бір кесе хош иісті кофесіз елестету қиын. Алайда бұл сусынның пайдасымен қатар, денсаулыққа кері әсер ететін тұстары да бар. Дәрігерлер кофе тұтынғанда бірқатар жайтқа назар аударуға кеңес береді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Дәрігерлердің айтуынша, кофенің негізгі әсер етуші заты – кофеин. Ол сергектік сыйлап, шаршауды азайтуға көмектеседі. Әсіресе таңертеңгі уақытта немесе физикалық және психикалық жүктеме артқан кезде пайдалы болуы мүмкін.
Сонымен қатар кофе антиоксиданттарға бай. Олар ағзадағы жасушаларды бос радикалдардың зиянды әсерінен қорғауға ықпал етеді. Кейбір ғылыми зерттеулерге сәйкес, кофе ішу Паркинсон ауруы, 2-типті қант диабеті және кейбір қатерлі ісік түрлерінің даму қаупін төмендетуі мүмкін.
Мамандар кофені шамадан тыс тұтыну бірқатар жағымсыз әсерге әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Атап айтқанда, көп мөлшерде ішілген кофе:
Қан қысымы жоғары адамдарда кофе қан қысымын одан әрі көтеруі ықтимал. Ал жүкті әйелдер үшін кофеинді көп мөлшерде қабылдау құрсақтағы нәрестенің шала туу қаупін арттыруы мүмкін.
Дәрігерлер мына санаттағы адамдарға кофе тұтынуды шектеуді немесе мүлдем бас тартуды ұсынады:
Кофені таңертең немесе күннің алғашқы жартысында ішкен дұрыс. Кешкі немесе түнгі уақытта кофе ішу ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Мамандар күніне 400 мг-нан артық кофеин тұтынбауға кеңес береді. Бұл шамамен 3-4 кесе кофеге тең. Егер кофе ішкеннен кейін ұйқысыздық, жүрек қағуы немесе жүйкенің қозуы байқалса, тұтыну мөлшерін азайту немесе одан бас тартқан жөн.
Сондай-ақ дәрігерлер кофеиннің әр адамға әртүрлі әсер ететінін атап өтеді. Сондықтан өз ағзаңыздың реакциясын бақылап, соған сай кофе мөлшерін реттеу маңызды.
Оқи отырыңыз: Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады