Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев КВИ дертінің «Дельта» штаммына қатысты өсуінің жалғасуы туралы айтып, алматылықтарды вакциналану қарқынын төмендетпеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтқан мәліметтері бойынша, 14 шілдеде коронавирус инфекциясының 80 091 жағдайы тіркелді, оның 62 956-ы симптомды және 17 135-і симптомсыз, анықталмаған пневмония – 2025.
13 шілдеде 640 жағдай тіркелді, оның 574-і симптомды, 66-ы симптомсыз, анықталмаған пневмония – 4.
Бүгінде қуаттылығы 5200 төсек орынға ұлғайған инфекциялық стационарларда барлығы 1947 пациент, оның ішінде 168 бала емделуде. Сонымен қатар, науқастардың 55-інің жағдайы өте ауыр, 428-і ауыр, 1464 орташа ауырлық дәрежеде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде барллығы 133 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында – 28, инвазивті емес ӨЖЖ – 46, High flow аппаратында – 42.
Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы күн сайын ушығып жатыр. Дельта нұсқасына қатысты КВИ дертінің едәуір өсуі жалғасуда. Соңғы 7 күн ішінде КВИ-дің симптомды ауруларының үлес салмағы өткен 7 күнмен салыстырғанда 2 есеге өскен, 53%-дан 88%-ға дейін, бұл КВИ-дің ауыр клиникалық көрінісін қалыптастыратын дельта нұсқа айналымының тез таралуы салдарынан болуда.
Соңғы 2 аптадағы жас құрамының талдауы дельта нұсқасының жоғары контагиозды болуынан балалар мен жастарға вирус тез жұғуда: 2%-ға төмендеуіне қарамастан 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 13%-дық жоғары күйінде қалуда; 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында дерттің ең жоғары деңгейге 3,4%-ға (39%) асқынуы үлкен алаңдаушылық тудыруда. Сондай-ақ 40-59 жастағылар арасында жұқтыру деңгейі – 25%, яғни, әрбір 4-адам инфекция жұқтырған. 60 жастағы аға буын арасында жұқтырудың үлес салмағы 1,6%, бұл иммундану мен мобильділіктің төмендігінің нәтижесі.
Жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде КВИ дерті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында басым – 37% (өсім 2%), түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері арасында – 19% (бұрынғы деңгейден), зейнеткерлер арасында – 16,6% (0,8%-ға төмен), сондай-ақ мектеп оқушылары арасында – 10,1% (0,2%-ға төмен) және мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 6,7% (сол деңгейде), бұл науқастар санының 90%-ын құрайды.
Инфекция жұқтыратын нақты орындар: соңғы аптада алдыңғы соңғы аптамен салыстырғанда КВИ-ді отбасында жұқтыру 9%-ға төмендеді, туыстарымен, көршілерімен, достарымен байланыста болғандар – 0,2%-ға азайды.
Соңғы 7 күнде КВИ жұқтыратын негізгі орындар сауда нысандары – 31%, отбасыларда – 18%, қоғамдық көлікте – 16%, базарларда – 11% және қоғамдық тамақтандыру орындарында – 4%.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев қалалықтарды КВИ-дің алдын алудың ең тиімді әрі жалғыз қорғаны болып табылатын вакциналану қарқынын төмендетпеуге шақырды. 14 шілдедегі жағдай бойынша 615 661 адамға вакцинаның I компоненті егілді. Өткен тәуліктерде вакциналанғандар: 15 257 адам. Екпе алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 91 263 адамды құрайды.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және СОСО 212 вакцинация (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар) пункті жұмыс істейді. Құрамында 1260 адам бар 308 екпе бригадасы жұмылдырылған.