Б. Сағынтаев тұрғындарды денсаулығын сақтауға шақырды – пандемия әлі күшінде

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 57 171 жағдайы тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мерекелік демалыс күндері қарсаңында алматылықтарды денсаулығын сақтауға және жақындарына қауіп төндірмеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың «Алматы» телеарнасындағы  Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде келтірген мәліметтері бойынша, тәулік ішінде 4 мамырда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 645 жағдайы тіркелді, оның 553-і симптомды және 92-сі симптомсыз. Тәулік ішінде 574 адам емделіп шықты, ал стационарларға 293 науқас түсті.

Бүгінде инфекциялық стационарлардың жалпы қуаттылығы 6060 төсек орын, 3475 адам бар, оның ішінде 95-і балалар. Амбулаториялық бақылауға 4830 адам алынған, оның ішінде симптомды әрі жағдайы жеңіл және орташа жеңіл науқастар - 4 240, симптомсыздар - 590.

Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 57 171 жағдайы тіркелді, халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш - 2809,8. Оның ішінде 2021 жылдың басынан бері 4 мамырға дейін 38 650 жағдай тіркелді. Мәселен, қаңтарда - 3607, ақпанда - 2945, наурызда - 9525, сәуірде - 20563 жағдай.

Тәуліктік өсімнің сәл төмендегені (1,4-тен 1,1-ден 1,1-ге дейін) байқалады, соңғы 7 күнде 247,5-тен 243,2-ге дейін, репродуктивтік санның сақталуы- 1,0.

Симптомсыз сырқаттардың жеке үлесі төмендеуде және симптомды науқастардың үлесі артуда: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%, сәуір 86%, 4 мамырда 88,8%; мутацияланған КВИ штаммдарынан туындаған.

Бұрынғыдай, қала тұрғындарының 20-дан 70 жасқа дейінгі белсенді тобы негізгі жұқтырушылар, олар жалпы науқастардың 76%-ын құрайды.

Соңғы 14 күнде КВИ жұқтырған 9590 науқастың ішінде жұмыс істемейтіндер көп тіркелген - 34% , әр түрлі ЖШС, ЖК, АҚ - 23,6%, зейнеткерлер - 17,6%, мектеп оқушылары - 6,8% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында 4,7%. Халықтың санамаланған санаттарының жалпы үлесі 87%-ды құрады. Халықтың қалған санаттарының арасында 0,1-ден 2% -ке дейінгі жағдайлар тіркелді, олардың барлығы 13% -ды құрайды.

Сауалнамалар барысында жұқтырудың ықтимал ошақтары базарларда 10,7% деңгейде, сауда нысандарында 28,1% деңгейде тұрақтанды. Қоғамдық тамақтану орындарында жұқтыру деңгейі 5% күйінде қалуда.

Новости партнеров