Бүгінгі күні ол ресми тіркелген халық санының 54,4%-ы
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі барысында ұжымдық иммунитеттің өсуі үшін жаппай вакциналанудың басты рөл атқаратынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал 20 қазаннан бастап 300-ден кем жағдайды тіркей отырып, оптимистік болжам бойынша дамуда.
Пандемия басталғаннан бері Алматыда КВИ-дің 177,2 мың жағдайы тіркелді, ағымдағы жылдың басынан бері – 158,7 мың адам. Дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда бір апта бұрынғы 113,9-дан 89,5-ке дейін және тәуліктік өсім 0,2-ден 0,14-ке дейін төмендеуде. Оның үстіне, инфекцияның берілу индексі 0,98-ден 0,88-ге дейін азаяды.
Алдын ала жүргізілген профилактикалық шаралар КВИ дертінің төмендеуіне ықпал етті. Ең басты тиімді шара – жаппай вакциналану, соның арқасында ұжымдық иммунитеттің артуы байқалады. Бүгінгі күні ол ресми тіркелген халық санының 54,4%-ы. Халықтың ресми санының 46,5%-ы екі компонентпен вакциналанды, ал жыл басынан бері ауырып жазылған адамдардың 7,9%-ы екпе салдырды.
26 қазанда қалада коронавирустық инфекцияның 230 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 222-ы симптомды жағдай. Инфекциялық стационарларда 1056 адам (28 бала) жатыр, оның ішінде 52-сінің жағдайы өте ауыр, 501-і ауыр, 502-сі орташа ауыр жағдайда. ОРИТ-те 106 пациент бар. ӨЖЖ аппаратында – 24, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 47, High flow - 27 аппараты қолданыста.