Тек өткен тәулікте 2 100-ден астам қала тұрғыны вакцинаның 1-інші компонентін алды
Алматының миллионнан астам тұрғыны егу науқаны басталғаннан бері COVID-19-ға қарсы вакциналанды. «Алматы» телеарнасының Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанына қарамастан COVID-19 вакцинасын кейінге қалдырмауға шақырды. Тек вакциналанған азаматтар пандемияның аяқталуын жақындатуға көмектеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі Б. Сағынтаев Алматыда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау 2 сәуірден басталғанын еске салды. Сол кезде осы мақсаттар үшін еліміздегі ең көп егу пункттері – 250, тек медициналық ұйымдар базасында ғана емес, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және СОО-да болды. Бүгінде қалада 132 вакциналау пункті жұмысын жалғастыруда, 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы толық режимде жұмыс істейді.
Б. Сағынтаев екпе алған миллионнан астам алматылықтардың белсенділігі арқасында коронавирусты жұқтыру тізбегінің көпшілігін үзіп, аурудың таралу қарқынын төмендетуге қолжетті деп санайды. Олардың ішінде 24 654 құқық қорғау органдарының қызметкері, 35 469 (100%) педагог, 38 935 (100%) медицина қызметкері бар.
Алматы әкімі пандемия әлі аяқталмағандықтан, вакциналану қарқынын күшейту қажеттігін атап өтті. Ол қалада да, елде де, бүкіл әлемде де коронавирусқа қатысты жағдайдың бірде жақсарып, бірде нашарлай түсетінін айтты. Алайда, алматылық эпидемиологтардың, вирусологтардың, дәрігерлердің және медперсоналдың арқасында Алматыда дерт төмендеді. Сондықтан қаланың әрбір тұрғыны вакциналану арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектесуі тиіс.
Тек өткен тәулікте 2 100-ден астам қала тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін алды. Қараша айының ортасынан бастап КВИ вакцинасын алуға бұрын екпе алмағандар белсенді түрде қосылды. Бүгінде Pfizer препаратымен 8 496 адам вакциналанды, оның ішінде жүкті әйелдер – 529, емізулі әйелдер – 2 026 және балалар – 5 941.
Б. Сағынтаев тек вакцина ғана дерттің алдын алатынын, аурудың асқынуына жол бермейтінін еске салды. Бұл әсіресе қарттар үшін өте маңызды. Тілек білдірушілердің барлығы екпені шектеусіз ала алады, оның үстіне Алматыда препараттар жеткілікті: бірінші компоненттің 166 072 дозасы, екінші компоненттің 219 620 дозасы бар.
Қалада 22 қарашадан бастап ревакцинациядан өтуге болады. Әзірге КВИ вакцинасының үшінші дозасын медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, 60 жастан асқан адамдар алады. Бүгінгі күні барлығы 315 адам ревакциналанды. Қазіргі кезде инактивирленген: QazVac (РК), Vero Сell (КНР) вакциналарын алуға болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник Лайт» вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде. Қалған алматылықтар үшін ревакцинацияның екінші кезеңі 2022 жылдың қаңтарынан басталады.
Алматыда коронавирус дертінің шарықтау деңгейі өткеніне қарамастан, мегаполисте жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелуде. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 123 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 458 адам, оның ішінде 24 бала бар. Реанимацияда 51 науқас өмір үшін күресуде.