Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» арнасындағы Akimat Live бағдарламасы кезінде балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы үшін инфрақұрылым қалай жасалатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда болашақ чемпиондарды дайындау үшін спорттық нысандардың қолжетімдігі мен ашықтығына баса назар аударылады әрі кешенді шаралар қабылданып жатыр. Осы мақсатта алты спорттық-сауықтыру кешенінің, сондай-ақ үлкен теннис пен үстел теннисі орталықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенінде спорт кешенінің құрылысы аяқталып қалды.
Қолжетімді ашық алаңдарда, жекпе-жек орталықтарында 40-тан астам жаттықтырушы сабақ беріп жатыр. Осылайша бір жарым мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылдануда. Сонымен қатар, жан басына шаққанда қаржыландыру арқасында үш мыңнан астам бала спорт секцияларына ақысыз барады.