Алматы тұрғыны қала әкімі Б. Сағынтаевқа алда өтетін жасырын той жайлы ескертіп, шара қолдануды сұрады

12.08.2021 00:50

Өткен тәулікте қалада мегаполисте вирус жұқтырған 1493 науқас тіркелген

Алматы тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өзі тұратын ауданда алда өтетін жасырын той жайлы ескертіп, шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала тұрғыны «жасырын той» жайлы ақпаратты «Алматы» телеарнасындағы «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

Бақытжан Сағынтаев оқиғаның мән-жайын тексеруге уәде беріп, қаланың мониториг топтарына ақпаратты анықтауды тапсырды.

Эпидемиологтар қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды сұрайды. Өйткені бұл коронавирус инфекцияның өршуіне әкеп соғады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай матрицасы бойынша әлі де «қызыл аймақта». Өткен тәулікте қалада  мегаполисте вирус жұқтырған 1493 науқас тіркелген.