|
19.05.2021 | 20:07
5295

Алматыда вакцина алған адам саны бойынша Наурызбай ауданы көш бастап тұр

Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталығында 214 екпе пункті ашылған

Алматыда вакцина алған адам саны бойынша Наурызбай ауданы көш бастап тұр открытые источники

Жаппай вакциналану қаланың қалыпты өмір ырғағына оралуына мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкім Akimat live бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен тәулікте Алматыда 3197 адамға вакцина егілді. 18 мамырдағы жағдай бойынша 277 144 вакцина алған. Қазақстандық вакцина QazVac-ты 3000 адам алған. Қытайлық Sinopharm вакцинасы 4 790 адам салдырған.

Бүгінде Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталығында 214 екпе пункті ашылған. 

Сонымен қатар, қала әкімі ең көп вакцина алған ауданды атады. Қала әкімі келтірген статистикаға сүйенсек, Наурызбай ауданында тұрғындардың 36 пайызы вакцина алған. Ең төменгі көрсеткіш  Жетісу ауданында байқалған.  Тұрғындардың 17 пайызы ғана вакцинацияланған.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир