Б. Сағынтаев: ШОБ субьектілерінің қауіпсіздігі – жұртшылықтың бақылауында

20.08.2020 в 01:28

Мониторингтік топтар ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 7550 нысанды тексерді

Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда дереу хабарлауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шектеу шаралары кезеңінде кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын бақылау үшін іріктеу монитроингі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы жылдың 5 шілдесіндегі «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негізінде ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 802-бабына сәйкес жүзеге асады. Әкімшілік шаралар ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 425 бабының 1 тарауы бойынша қабылданады.

Мониторингтік топтар ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 7550 нысанды тексерді, олардың ішінде 2952 обьектінің карантиндік және маскалық режимдерді бұзғаны анықталды. Рейдтер нәтижесі бойынша мониторингтік топтар мынадай шараларды жүзеге асырды: 4496 субъектілерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 696 нысан жұмыстарын өз еріктерімен тоқтатты. Әкімшілік-құқық бұзушылық негізінде 3150 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға - 126, жеке тұлғаларға 3003 айыппұл салынды. Маскалық режимді бұзғандары үшін 2952 адам 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Қалалықтар режим талаптарын бұзғандар туралы infokazakhstan.kz порталы арқылы хабарлай алады. Кез-келген ғимарат ішінде режим талаптарының бұзылғандығын суретке түсіруге және жіберуге болады. Осы арқылы кәсіпкер мониторингтік топ келгенше кемшіліктерді түзей алады. Бұл да белгіленген нормалардың сақталуын ынталандыруға ықпал ететін болады.