Алматыда 17 тамыздан бастап 44 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан жұмысын қайта бастады

Almaty.tv
Almaty.tv
COVID-19 жұқтырған 589 науқас стационарларда емделуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 17 тамыздан бастап 44 мыңға жуық кәсіпкерлік нысаны жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы Қала әкімі Б. Сағынтаев Akimat Live бағдарламасы барысында ШОБ субъектілерінің жұмыстарын қайта бастағаны және санитарлық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау шаралары туралы әңгімеледі.

Алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, Б. Сағынтаев тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың сақталғандығы жөнінде хабарлады. Ағымдағы жылдың 26 тамызындағы мәлімет бойынша КВИ-дің 14 129 оқиғасы тіркелді, 12 647 адам (89,5%) емделіп шықты, тәулік ішінде 56 адам сауықты.

COVID-19 жұқтырған 589 науқас стационарларда емделуде. Жалпы қуаттылық 5871 төсек-орынды құрайды, олардың 10,2%-ы бос емес. 5192 (89,8%) төсек-орын бос тұр.

Карантиндік шаралар жеңілдеген кезеңнен, яғни ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап Алматы қаласы бойынша жұмыстарын қайта жандандырулары бойынша infokazakhstan.kz порталына 43849 шақыру қағазы түскен. 129 нысанға аудит жүргізілді, бүгінгі күні олар өздерінің дайын екендіктері туралы акт алды.

«Өкінішке орай, эпидахуалдың тұрақтануына карантиндік режимнің жеңілдеуіне қарамастан кейбір кәсіпкерлер түсіністік пен жауапкершілікті жете сезінбеуде», – деп атап өтті қала әкімі.

17-25 тамыз аралығында мониторингтік топтар 5213 нысанға рейд жүргізді. Оның барысында 262 нысанның карантиндік және маскалық режимдерді бұзғаны анықталды. ҚР ӘҚ Кодексінің 425 бабының 1 тармағы бойынша карантиндік режимнің бұзылғаны үшін 463 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 20 айыппұл, ал жеке тұлғаларға 442 айыппұл салынды, бұлардың ішінде маскалық режимді бұзғандар да бар.

Б Сағынтаев аудандар әкімдері мен полиция департаментіне қала тұрығндары хабарлаған тәртіп бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлік нысандарын айрықша бақылауға алуды тапсырды.

Новости партнеров